Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымнан үміткерлердің құқығын бұзғандар жазаға тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінде мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу конкурсына қатысқан үміткерлердің құқықтары бұзылған. 

Соған орай департамент басшысының орынбасарына, 2 бас маманына және Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы айыппұл төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне Қызылорда қаласының тұрғыны мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу конкурсының дұрыс өткізілмей, құқықтарының бұзылғандығы туралы арызын білдірген. Түскен арызға сәйкес Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында, Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті тарапынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының нормалары сақталмағандығы анықталды.

Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті конкурстық рәсімді дұрыс өткізбеу салдарынан мемлекеттік қызметшілері арасындағы өткізілген ішкі конкурсқа құжат тапсырған үміткердің конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасарына, 2 бас маманына және Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқарманың басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ресімделген. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылды. Олар әкімшілік айыппұл төледі.

Осыған дейін Қызылорда облысында 6 ауыл әкімі жауапқа тартылғандығын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар