Мемлекетті модернизациялау тек адамицентристік негізде жүргізілуі керек – сарапшы
Айта кетсек, бүгінгі онлайн баспасөз мәслихатында Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары елді жаңғырту мәселелері бойынша жүргізілген жүйелі сараптамалық зерттеу нәтижелерін таныстырған болатын. Ғылыми жобаның басты қорытындылары онлайн-көрсетілім барысында таныстырылды. Ауқымды зерттеу жұмысы 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының тапсырмасы бойынша басталған.
Онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында жоба жетекшісі Гүлбану Пазылхаирова мемлекетті ары қарай жаңғырту тек адамицентристік негізде, яғни реформалар «алдымен - адам» қағидаты бойынша әзірленетін кезде ғана мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавируспен күрес екі маңызды белгі берді.
«Бірінші белгі – осындай кезеңде үлкен көлемдегі ресурс пен шара үйлестіретін функционалды Үкімет қажет. Екінші белгі – мемлекеттер өткен жылдарда түпкілікті рөл, яғни қоғамдық инфрақұрылымды тиісті жағдайда ұстап, әрі дамытуға аса көңіл бөлуі керек. Мемлекеттік секторда мардымсыз әрі маңызды емес дүниелерден бас тарту қажет», - деп қорытындылады Гүлбану Пазылхаирова.
Айта кетсек, өткен жылдан бері қазақстандық сарапшылар тобы елдегі модернизациялау мәселелері бойынша кешенді ғылыми-қолданбалы зерттеулер жұмысын бастаған болатын. Қазақстандық сарапшылар тобы жүйелік реформалар бойынша өз ұсыныстарын жасады.