Мемлекетті 18 млн теңгеден аса шығынға батырған әскери рақымшылыққа ілінді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент гарнизонының әскери соты мемлекетке 18 млн теңгеден аса шығын келтірген әскери азаматтың рақымшылыққа ілінгені жөнінде шешім шығарды. Айыпталған әскери Оңтүстік аймақтық әскери құрылымдарының бірінде қаржы бөлімінің жетекшісі қызметін атқарған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі Шымкент гарнизоны әскери соты берген мәліметтерге сілтеме жасап.

Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы әскери азаматқа мемлекетке келтірген шығынды толықтай өтеп, сот барысында кеткен 543 мың теңгені де төлеу міндеттелді.

Еске салайық, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді деген әскери өткен жылдың соңында ұсталған болатын. Сот отырысы барысында ол кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Сөйтіп соттан рақымшылық заңын қолдануды сұраған еді. Сот жәбірленуші тараптың пікірін ескере отырып, өтінішті қанағаттандырды.

Айнұр Ақбаева

Соңғы жаңалықтар