Мемлекеттен тегін үй әперем деген шымкенттік келіншек 40 млн теңгені қалтасына басқан
2022 жылғы 7 шілде 14:48

Мемлекеттен тегін үй әперем деген шымкенттік келіншек 40 млн теңгені қалтасына басқан

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 40 миллион теңгеге жуық ақша жымқырған келіншек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласы полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын жеткізеді.

Егде жастағы әйелдің айтуынша, 3 наурызда бейтаныс келіншек мемлекет тарапынан пәтер алып беремін деп сендірген. Ол 9 000 000 теңгені қолды қылып, қазіргі уақытқа дейін алдап келген.

Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеуге алынды.

Дәл осындай жағдаймен полицияға тағы бірнеше тұрғын шағымданып, жоғарыдағыдай алаяқтық арбауына түскенін жеткізген.

Келіп түскен ақпараттар аясында жедел іздестіру шарасын жүргізген Шымкент полицейлері күдікті ретінде жас келіншекті ұстады.

Бір жарым жыл ішінде Шымкент пен Түркістан облысының тағы 39 тұрғыны осы әйелге алданған.

Олардың кейбіріне пәтерден бөлек, бизнесін қолдау үшін мемлекеттен ақша да уәде етілген.

Келген шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Өз кезегінде Шымкент полицейлері алаяқтық немесе басқа да қылмыстардың алдын алу үшін тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Кез келген адамға сенбей, өзінің жеке мәліметтеріне, құжаттарына сақ болу керек.




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT