Мемлекетке қайтарылған 5 млн гектар жер туралы мәліметті әр қазақстандық көре алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл мемлекеттік меншікке қайтарылған 5 млн гектар жер туралы мәліметтерді интеракативті картадан көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Ауыл шаруашылығы министрі ел өңірлерін аралаған кезде, бірге баратынын айтты.

«Биыл 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекеттік меншікке қайтарылғаны айтылды. Осы қайтарылған жер телімдерін бізге көрсетіңіз. Бұл тұрғыда халықтың пікірін тыңдаймыз», - деді Б. Дүйсенбинов.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ел аумағындағы қайтарылған жер телімдеріне қатысты интерактивті карта іске қосылатынын айтты.

«Жақын арада интерактивті картаны жасаймыз. Қайтарылған 5,2 млн гектардың әр телімін Қазақстан халқы ашық көре алады. Келер жылы облыстарды сізбен бірге аралып шығуға дайынмын», - деді министр Мәжіліс депутатына қарата айтқан сөзінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Келесі жылы қосымша 5 млн гектарды қайтару жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар