+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Мемлекетке халық көмектесуі және осыны дұрыс түсінуі керек – Дәурен Қуат

2020 жылғы 1 сәуір 12:01
Бөлісіңіз:
Мемлекетке халық көмектесуі және осыны дұрыс түсінуі керек  – Дәурен Қуат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Дәурен Қуат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының мәлімдемесі – нағыз керек мәлімдеме болды. Төтенше жағдай жарияланғалы көмек, жәрдем сұрайтын адамдар саны көбейіп кетті. Медицина қызметкерлерінің денсаулығына, жеке бастарының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер туындады. Кәсіпкерлер кәсібінен қағылып қалмауы керек, сондай-ақ алып отырған жалақылары төмендеп қалған немесе күнкөріс көзінен айырылып қалған азаматтар бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше осы мәселелердің бәріне тоқталып, қажетті көмек көрсетілетіні туралы мәлімдеді», - дейді жазушы Дәурен Қуат.

Ол Мемлекет басшысы биліктің халықпен бірге екендігін, халықты ешқандай қиын жағдайға қалдырмайтыны туралы айтқанына тоқталып өтті.

«Бұл – біздің мемлекетіміздің әлеуетін, мол қаражатымыз бар екенін, осындай қиын жағдайда мемлекет тарапынан көмек болатынын көрсетеді. Президенттің «Енді мемлекетке халық көмектесуі керек» деген сөзі көңілімнен шығады. Бұл сөзді дұрыс түсінуіміз керек. Олардың қойып отырған талабы – вирустың таралып кетпеуі үшін үйден шықпай отыру. Бұл адамның құқығын, жеке басының мүддесін шектейтін талап емес. Бұл жеке басымыздың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалған талап», - дейді Дәурен Қуат.

Сондай-ақ, ол берілетін әлеуметтік төлемдерге тоқталып өтті. Оның сөзінше, Президент 42 500 теңге берілетіні туралы жай ғана айта салмай, ондай көмектің қанша адамды қамтитынына назар аударды. Сонымен қатар, Дәурен Қуаттың пайымынша, бұл Үкіметтің осыған қатысты санақ, сараптама жүргізгенін білдіреді. «Кешегі Президенттің мәлімдемесінен кейін көңіліміз орнығып қалды. Айналаңдағы адамдардың алаңдамай, болашаққа сеніп отырғаны да жақсы ғой», - дейді ол.

«Қанша қаржы бөлінді, оны қанша адам алды – Үкімет осының бәрін ашық түрде көрсетіп отырса жақсы болар еді. Мысалы, Ақмола облысына қанша жанар-жағармай бөлінгені ашық көрсетілсе. Сонымен қатар, телеарналар азық-түліктің адамдарға тегін жеткізілгені туралы видеосюжеттер көрсетіп тұрса дұрыс болар еді», - дейді Дәурен Қуат.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.




Фото: bilimdinews.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT