Мемлекетке 7 миллиард теңгеден астам шығын келтірген жалған кәсіпкерлердің ісі сотқа берілді

None
None
 АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық прокуратурасы кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатын көздемеген 20-дан астам коммерциялық ұйым құру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі сот қарауына жіберді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

 Бас прокуратураның хабарлауынша, аталған шаруашылық субъектілері бұрын сотталғандар мен ауыр түрдегі науқасқа шалдыққандар қатарындағы жалған тұлғалардың атынан ашылған. Сонымен қатар, олар 2006-2008 жылдар аралығында 25 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға  айырбастағандығы анықталған.
 Қазіргі уақытта айыпталушының біреуі қамауға алынып, уақытша оқшаулау орнында отыр. Ал екеуіне  іздеу жарияланған.

 Аталған нысандардың негізгі айналысатын жұмысы ретінде әртүрлі қызмет көрсету және қандай да бір нақтылаусыз кең сұраныстағы тауарлардың көтерме саудасын жасау көрсетілген.

 Сондай-ақ тергеу нәтижесінде аталған шаруашылық субъектілерінің іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпей, жалпы сомасы 7 155 491 186 теңге көлемінде салық төлеуден жалтарғандығы анықталды.  Қылмыстық іс №2 Ақтөбе қалалық сотына жолданып, қазіргі кезде қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар