Мемлекетаралық стандарттардың мәртебесі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекетаралық стандарттар мемлекеттік стандарттармен бірдей мәртебеге ие. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекетаралық стандарттар мемлекеттік стандарттармен бірдей мәртебеге ие. Бұл «Стандарттау туралы» заңмен қарастырылған, - деді Қайнар Тайжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл стандарттарды ТМД елдері әзірлеп жатыр. Бұл мәселеде ең белсенді - Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан.

«Осы стандарттар бойынша барлық шешім консенсус негізінде қабылданады және елде бірдей заңды күшке ие», - деп атап өтті Қайнар Тайжанов.


Соңғы жаңалықтар