Мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік Көкшетауда ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматы Көкшетау қаласында қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша ресейлік азамат өз елінде бірқатар ұрлық жасағаны үшін істі болып, іздеуде жүрген.

"Шетел азаматы "Нелегал" жедел алдын алу шарасы кезінде Көкшетау қаласында қолға түсті. Оған Ресей Федерациясының аумағында 5 рет қылмыс жасағаны үшін Белгород облысының құқық қорғау органдары іздеу жариялаған. Бастапқыда өзін өзге адам ретінде таныстырған оны полицейлер  дактилоскопиялық сараптама арқылы 1988 жылғы мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер екенін анықтады.

Күдіктінің ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан аумағына заңсыз кіргені жəне бұрындары сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі кезде, ұсталған ер адамды Ресейдің құқық қорғау органдарына тапсыру мəселесі қарастырылуда", деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың басынан бері Ақмола облысының полицейлері 41 қылмыскерді қолға түсірді.

Соңғы жаңалықтар