Мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауова дүниеден озды
2018 жылғы 10 ақпан 16:17

Мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауова дүниеден озды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының құрметті азаматы, дербес зейнеткер Бәтима Сақауова 92 келген шағында дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет және қоғам қайраткері өңірдің өркендеуіне, облыстың дамуына ер азаматтармен иық тірестіріп үлес қосқан ел анасы. Талдықорған облысын құруда білек түре еңбек етіп Жетісу өңірінің идеологиясының мығым болуына, әлеуметтік дамуына бар білімі мен күш-жігерін жұмсаған жан.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Талдықорғанның тұралап қалған шағында елдің сабыр сақтап, бірлігінен ажырамауына, қиындықты қайыспай көтеріп шығуына жігер берген ақылман анасы да, данасы да еді.

1968 жылы Талдықорған облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жүргенде бүгінгі қаладағы әлеуметтік маңызы зор ғимараттардың бой көтеруіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған.


Марқұммен қоштасу рәсімі 12 ақпан күні сағат 9.00-де Талдықорған қаласы, Гайдар көшесі 28 үйде өтеді.

Jańalyqtar

MURAǴAT