Мемлекет заңсыз темекі айналымынан 3 млрд теңге жоғалтады - сарапшы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Заңсыз темекі айналымынан мемлекетке 3,3 млрд теңге кіріс кірмейді. Мұндай есепті «Кипр» сараптамашылар тобының жетекшісі Ерлан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен заңды нарықтағы мемлекет кірісіне кірмеген 1 пайызды есептеп көрдім. Егер 2016 жылғы нарықтағы жағдай бойынша есептесек, темекі айналымының 1 пайызы шамамен 22-23 млрд дана темекі. Ол 11 млн қорап болады. Темекінің орташа бағасы шамамен 300 теңге десек, 1 пайыз шамамен 3,3 млрд теңге болады», - деді Смайылов.

Сонымен қатар, сарапшы акциз бен қосымша құн салығы бойынша жоғалған қаражатты есептеген.

Смайыловтың мәліметіне сүйенсек, бұл жағдайда акциздер бойынша мемлекетке 1,3 млрд теңге кіріс кірмеген, ал қосымша құн салығы бойынша мемлекет 350 млн теңге жоғалтқан. 

Айта кетейік, бүгін ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) қарасты экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылында контрафактілі темекі шығаратын ірі өндірісті әшкерелеп, жапқанын хабарлаған болатынбыз .

Ведомство деректеріне сүйенсек, мұндай ауқымдағы фабрика Қазақстанда алғаш рет әшкереленіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар