+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс  орындары 90 мыңнан 211 мыңға артты - Ералы Тоғжанов

2020 жылғы 2 маусым 11:01
Бөлісіңіз:
Мемлекет субсидиялайтын жұмыс  орындары 90 мыңнан 211 мыңға артты - Ералы Тоғжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарының көлемі 90 мыңнан 211 мыңға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еңбек министрі пандемия кезінде қанша адам жұмыссыз қалғанын айтты Жұмыспен қамту жол картасы: Биыл елордада 15 мың жұмыс орны ашылады Үкімет халықты жұмыспен қамту саласына тың серпін беретін шараларды ойластыруы керек - сарапшы пікірі

«Жұмыспен қамту мәселесі арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның 6 отырысында қарастырылған болатын. Мемлекеттік органдарға, өңірлерге 50-ден астам нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде бүкіл кемшілікке байланысты тапсырмаларды өңірлер алды. Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалардың төрттен бірі білім саласындағы нысандарға қатысты. Оның ішінде 1 400-ге жуығы мектеп, балабақша, интернаттарды құрайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жобаларға 50 пайыз қызметкерлерді жұмыспен қамту орталықтары арқылы тарту талабы толық орындалып отыр. «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам микрокредиттер мен гранттар беріліп жатыр. Оның ішінде 30 пайызын аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар және жастар құрайды. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарының көлемі 90 мыңнан 211 мыңға өсіп отыр.

«Асқар Ұзақбайұлы, халықты жұмысен қамту мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге біріншіден, жұмыспен қамту аясындағы мемлекеттік бағдарламалардағы тетіктерді тиімді ісе асыруды, екіншіден әрбір жұмыстан босатылған азаматпен жұмыс жасап, мемлекеттік қолдау көрсетуді, үшіншіден, мемлекеттен бөлініп жатқан қаражатты мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз етуді тапсыруыңызды сұраймыз», - деп өтінді Ералы Тоғжанов Премьер-Министр Асқар Маминнен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT