Мемлекет партиялардың жұмысына қанша қаржы жұмсап отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін Мемлекет Мәжілістегі партиялардың жұмысына қанша қаржы жұмсап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАҚ өкілі министрден «Amanat» партиясының жұмысына бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін сұрады.

«Amanat» партиясына ғана емес, Мәжілісте басқа да партиялар отыр ғой. Заңмен белгіленген есебі бар. Сол есептің негізінде аталған партиялардың қаржысы айқындалады. Сомасы шамамен жалпы бүкіл партияларға 8 млрд теңгедей. Қаражат үш партияға республикалық бджеттен бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар