Мемлекет мүддесі 23,6 млрд АҚШ долларына қорғалды – Әділет министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекет мүддесін қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2003-2020 жылдар аралығында мемлекет мүддесі 23,6 миллиард АҚШ долларына қорғалды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы үш іс, яғни «Gold Pool», «World Wide Minerals», «Alhambra» бойынша мемлекет мүддесі 1,4 миллиард АҚШ долларына қорғалды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әділет министрі Марат Бекетаев Президенттің тапсырмасы бойынша ведомство әзірлеген заңдар туралы түсінік берді.

Сонымен қатар мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемін 2 есе ұлғайту жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда тергеу органдары мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында 1 042 адвокатты тағайындады.


Соңғы жаңалықтар