+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Мемлекет қызмет қиындығы неде, жұмыс маңыздылығы қандай - Аида Балаева әңгімелеп берді

2020 жылғы 15 тамыз 16:38
Бөлісіңіз:
Мемлекет қызмет қиындығы неде, жұмыс маңыздылығы қандай - Аида Балаева әңгімелеп берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева президенттік кадрлық резервке кірген жастармен Zoom тұғырнамасында онлайн режимдегі кездесу барысында мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің қиындығы неде екендігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аида Балаева «Хабар агенттігін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады

«Барлығыңызды президенттік кадрлық резервке өтулеріңізбен және мемлекеттік қызметтің жаңа толық өкілдері мәртебесіне ие болуларыңызбен тағы бір мәрте құттықтаймын. Қоғам сіздердің жолдарыңызды ерекше қызығушылықпен қадағалап, нәтижелі әрі тиімді жұмыс күтетіндігі сөзсіз. Бұл - өте үлкен жауапкершілік. Өйткені, қазіргі уақытта сіздерден стандарттан тыс креативті шешімдер күтіп отыр. Сіздердің көпшілігіңіз мемлекеттік қызмет ерекшеліктерімен де бетпе-бет келген шығарсыздар. Белгілі бір салада үлкен еңбек тәжірибесі болғанымен мүмкіндігінше жоғары позицияға бірден қабылданбай жатқандардың да жағдайын жақсы түсінемін. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, барлық сатыдан өткен адам ретінде әрбір кезеңнің кәсіби тұрғыда қалыптасу үшін маңызды екендігін нық сеніммен айта аламын. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - қоғамдастықпен жүзбе-жүз қызықты жұмыс», - деді министр.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік қызметі барлық әлеуметтік топтардың мүддесін бірдей қорғауы тиіс.

«Белсенді азаматтық ұстанымы бар адам мен мемлекеттік қызметші арасындағы айрмашылықты айрықша атап өткім келеді. Соңғысы жүйелі түрде ойлай білуге міндетті. Яғни, мемлекеттік қызметші белгілі бір әлеуметтік топтың пайдасы үшін әсерге беріліп шешім қабылдамауы тиіс. Барлығының мүддесін бірдей сақтау маңызды. Мемлекеттік саясатттың түпкілікті мәні де осында. Әрбір мемлекеттік қызметші мұны қоғамның табысты дамуының басты кепілі ретінде есте сақтау тиіс деп есептеймін», - деді Аида Балаева.

Министр кездесу барысында мемлекеттік қызметші жұмысының қиындығымен ерекшеліктері неде екендігін де тарқата айтып берді.

«Алдыңғы қатарлық дағдыны енгізгің келетіндігі түсінікті. Алайда, кей уақытта мемлекеттік қызметтің бюджеттік ерекшеліктері мұны жылдам жасауға мүмкіндік бере бермейді. Егер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің нақты қызметіне көшер болсам, stopfake.kz ресурсы пайда болды. Бұл ресурсты біздің резервшіміз Александр Данилов жасап шықты. Мен оған жүгініп, осындай ресурс қажет екендігін айтқан едім. Ол тез арада қиылдап, нәтижесінде ресурс пайда болды. Жалпы, карантин кезеңі көптеген жалған ақпараттардың пайда болуына түрткі болған еді. Ал онымен жүйелі түрде күресу қажет. Мұндай ресурстың пайда болуы заңды еді әрі жедел шешімдерді талап етті. Ресурсымыздың басты ерекшелігі - мемлекеттік қызметшілердің жедел пікірі. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды. Осыған байланысты біз мемлекеттік қызметші барлық уақытта да жедел әрекет етіп, қоғамда қобалжу туындамауы үшін халыққа шынайы әрі ресми ақпаратты жеткізуі тиістігін түсінуіміз қажет. Жалған ақпарат адамның өмірі мен денсаулығына, қоғамға байланысты болуы мүмкін. Жауапты әрі шешім қабылдай білу маңызды. Мемлекеттік қызметтік күрделілігі мен ерекшеліктігі де осында жатқан шығар. Өйткені, барлық уақытта қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты үшін жауапкершілікте болу маңызды», - деді ол.

Сонымен қатар министр президенттік кадр резервіне кірген жастар барлық кедергілерді еңсеріп, өздерін қоғам күткен қырларынан көрсете алатындығына үміт артатындығын баса айтты.

«Көпшілігі мемлекеттік қызметтен кетіп, жұмыс істеу мүмкін емес деп айтып жатады. Бұл орайда ерекшеліктеріне қарамастан, осынау қиындықтарды еңсергендей шешімнің де жаңа әдістерін ұсыну маңызды. Мәселе тыңдаса, онда оның шешімі бар деген сөз. Көптеген бюрократиялық кедергілер жайдан жай туындамағандығын түсінуіңіз қажет. Жемқорлық өте маңызды әрі пробелмалы мәселеге айналып отыр. Әрине, бұл орайда жемқорлықтың өршуіне себепкер болатын адамдардың болмауын да бақылауда ұстау керек. Меніңше, мемлекеттік қызметтен, бүгінде сіздерді аздап алаңдатып отырған кедергілерден қорқудың қажеті жоқ. Оларға байыппен қараған жоқ. Барлық уақытта да жолы бар. Барлық уақытта шешім де бар. Сіздер бұл кедергілердің барлығын еңсеріп, қоғам күткен деңгейден табылатындықтарыңызға сенімдімін», - деді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT