Мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржы қызметтерінде қызметі депозиттер тарту мүмкіндігінсіз ауыл шаруашылығына кредит беруге байланысты әмбебап коммерциялық банктерді, кредиттік серіктестіктерді, түрлі мамандандырылған мекемелерді қамтитын көп деңгейлі жүйе қалыптастырылды. Сонымен қатар, салаға кредит беруге екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық сипатына, табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділікке, түрлі қаржы құралдарының жеткіліксіз дамуына, сондай-ақ қарыз алушыларда қолайлы кепілді қамтамасыз етудің болмауына байланысты аз тартылады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Сондай-ақ, ол тәуелсіз мемлекет құру және қаржы жүйесін дамыту кезеңінде Қазақстанда көптеген мамандандырылған банктер жұмыс істегенін, іс жүзінде әрбір өнеркәсіп саласының өзінің қаржы институты болғанын атап өтеді.

«Алайда, кейіннен бұл банктер (Газторгбанк, Қазагроөнеркәсіпбанкі) әмбебап болды немесе бұзылды. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар