Мемлекет қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты жайттарды жасырмай, ашық айтып жатыр – Марат Бәшімов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық саясаттанушы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов елдегі жаппай тәртіпсіздіктер, оның салдарынан зардап шеккен жандардың тағдыры мен мемлекет ұстанымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратураның мәліметінше, еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 4578 адам зардап шеккен. Яғни 4353 адам жарақат алған, оның ішінде 3393 қарулы күш қызметкері бар. Төтенше жағдай кезінде мәйітханаға 225 мерт болған адам жеткізілген. Олардың жартысы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бұзақылар. Өкінішке қарай, қаза болғандардың ішінде бейбіт тұрғындар да бар. Мемлекет бейбіт азаматтардың құрбан болғаны жайлы жасырмай айтып отыр. Қаза болғандардың санына қарап, қасіретті қаңтар оқиғасының қаншалықты ауқымды екенін түсінуге болады», - деді Марат Бәшімов.

Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болған әр факт жіті зерттеліп, тексерілуі тиіс.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық әрі объективті болуы үшін бар жағдайды жасап жатыр. Осылайша «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты барлық жайт жасырылмай, ашық айтылып жатыр. Бұны қоғам мен сарапшылар да көріп отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар