Мемлекет «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 133 қызмет түріне қолдау көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 133 қызмет түріне қолдау көрсетеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұл үшін ең алдымен қаржыландыру қажет. Қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін «Қарапайым заттар экономикасы« бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл қаржыландыру көлемі артты. Қосымша 400 млрд теңге бөлінеді», - деді министр Үкімет үйінде өткен брифинг барысында.

Оның дерегінше, аталған қаражат агроөнеркәсіп кешені, өңдеу өнеркәсібі және қызмет саласындағы өндіріске жұмсалады.

«Азық-түлік өнімдерінен бастап, дәрі-дәрмек пен құрал-жабдыққа дейінгі 300-ден астам тұтыну тауарын өндіруді ұсынған 133 қызмет түріне қолдау көрсетіледі. Кредит 10 жыл мерзімге ұсынылады, сомасына шектеу жоқ. Сыйақы мөлшерлемесі 5 пайызды құрайды. Ол мемлекет тарапынан субсидияланады. Егер кепілге қатысты мәселе болса, кепіл жетпей жатса, онда мемлекеттік кепіл ал қарастырылған», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар