Мемлекет халықтың осал тобына коммуналдық қызметтерді төлеуге көмектеседі - Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік осал топтарға коммуналдық төлемдерді төлеуге көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі бұл мәселенің мемлекеттік комиссия отырысында талқыланғанын жеткізді.

«Естеріңізде болса, біз алғашқылардың бірі болып коммуналдық қызметтер төлемін екі айға шегергенбіз. Осыған байланысты, қосымша шешім қабылданды. Мемлекеттік комиссияның шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына екі ай 15 мың теңге бөлінеді. Яғни, егер жеке шот 20 мың теңгеге келсе, оның 15 мыңын мемлекет жабады. Қалған бес мың теңгені өздері төлеуі керек. Бұл қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ғана көрсетілетін болады», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар