Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының бірқатар азаматы марапатталды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының бірқатар азаматы марапатталды. ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап құжаттың толық мәтінін жариялайды.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:

«Құрмет» орденімен

Әлиева Эльмира Қайырқызы

«Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы – оқытушысы, Қарағанды қаласы

Морозов Евгений Семенович

«Облыстық клиникалық аурухана» КМК бөлімше меңгерушісі, Қарағанды қаласы;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Берг Алексей Александрович

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы, Қарағанды облысының Теміртау қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Қасымов Артём Иренғайыпұлы

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы, Қарағанды облысының Шахтинск қаласы

Қожахметова Ләззат Таймырқызы

«Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы, Қарағанды қаласы

Комарда Александр Владимирович

«Kazakhmys Coal» (Қазақмыс Коал) ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі, Қарағанды облысының Осакаров ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 4 қазан № 1030 ҚазАқпарат.


Фото: t.me/bort_01



Соңғы жаңалықтар