Мемлекет басшысының Жамбыл облысына сапарынан видео жарияланды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапарынан видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Еске салайық, бүгін ҚР Президенті Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.

Қ.Тоқаев жазушы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоғын қойғаннан кейін зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Кейін Мемлекет басшысы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Студенттер үйінде оқу орнының оқытушылармен және студенттермен кездесті.

Байзақ ауданының Көктал ауылдық орта мектебінің жұмысымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымымен жүздесіп, жаңа әрі жайлы мектепте білім алып жатқан оқушыларға табыс тіледі. Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасында цехтарды аралап көрді.

Одан әрі Президент қарапайым ауыл тұрғынының тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін жеке қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырған Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды. Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында жаңа емханадағы заманауи жоғары технологиялы құрылғыларды өз көзімен көріп қайтты.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында көрмені аралап көрген Мемлекет басшысы, қолөнер шеберлерінің бірінен қамшы сатып алды.


Соңғы жаңалықтар