Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті. Тәжікстан тарапы қазақстандық делегацияға зор құрмет көрсетті. Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Душанбе әуежайынан өзі күтіп алып, шығарып салды»,-деп жазды Берік Уәли.


Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапармен барғанын хабарладық.

Бүгін Мемлекет басшысы шағын және кеңейтілген құрамда кездесудер өткізіп, Тәжікстанның бірқатар лауазым иелерімен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.
Соңғы жаңалықтар