Мемлекет басшысының тапсырмасы мыңдаған баласыз отбасыға көмектеседі – Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Жолдауының мазмұны «дұрыс мағынамен мықтап бекіді». Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, Президенттің Жолдауы жалпыға түсінікті болып шықты. Мұны мен жақсы дер ем, тіпті өте жақсы. Себебі құжаттың мазмұны дұрыс мағынамен мықтап бекіді. Ешқандай иллюзия, орындалмас жоспарлар, істің нақты жағдайынан алыстау да жоқ», – деп жазды Дәурен Абаев Facebook -тегі парақшасында.

Бұдан әрі проблемалардың кең ауқымына және қамтылуына қарамастан, Жолдау жалпыға бірдей түсінікті екендігі; ортақ проблемаларымызды шешуге бағытталған қарапайым, бірақ жеңілдетілмеген формулаларды қамтитындығы айтылады. «Меніңше, бұл кездейсоқ емес, себебі құжат жасауға әлеуметтік желілердегі хаттар, мақалалар, посттар арқылы көпшілігіңіз үлес қостыңыздар. Өйткені қоғам – бұл үлкен білімі бар тұтас ағза, ал «еститін мемлекет» оларды өзіне сіңіреді, өңдейді және ұтымды шешімдер ұсынады. Дэвид Истонның әйгілі «қара жәшігі» деуге болар. Бәлкім, содан да шығар, Президенттің бұрын ұсынылған бастамаларды ескергенін естіп қуанған, онымен бөліскен посттардың көп болуы», – деп толықтырды Дәурен Абаев.

Оның пікірінше, Жолдау азаматтардың сұраныстарын ақтайды, үміттерін алдамайды, ең бастысы, сенімін нығайтады. Жолдауда мемлекеттік басқару саласындағы ең көп талқыланған реформалардан басқа көптеген проблема орын алды: жасыл желектер, жануарларды қорғау, адам құқықтары, бұқаралық спорт, медицина қызметкерлерін қолдау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және басқалар.

«Дегенмен, менің ойымша, терең символдық сипатқа ие бір мысалға тоқталғым келеді. Президент экстракорпоралдық ұрықтандыруға арналған квоталарды 1 мыңнан 7 мыңға дейін арттыруды көздейтін «Аңсаған сәби» бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Мемлекеттің отбасылық саясаты көптеген компоненттерді қамтиды, бірақ көбінесе баласыз отбасылардың проблемалары көлеңкеде қалып жатады, бұл туралы БАҚ-та сирек айтылады, баласыз адамдар митингілер мен пикеттерге бармайды, қорқынышты статистика көп айтыла бермейді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша бедеуліктен зардап шегетін 14 мыңнан астам ерлі-зайыптылар есепте тұр. Осы себепті бүкіл елде жүздеген және мыңдаған отбасы ажырасуда. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында мыңдаған отбасына ата-ана атануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіз тарихымыздың жаңа циклінің нышанды бастауы болмақ», – деп түйіндеді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар