Мемлекет басшысының Омбыға жұмыс сапарының видеосы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға жұмыс сапарының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласында жасаған жұмыс сапары бойынша бейнешолуды назарларыңызға ұсынамыз», деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында.

Еске салсақ, Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға ұшып келгенін хабарладық. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Владимир Путинмен кездесті. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.
Соңғы жаңалықтар