Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары аяқталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Бішкек әуежайынан Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шығарып салды.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды.
Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды.
Қазақстан мен Қырғызстан ресми делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды.
Соңғы жаңалықтар