Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы баяндаманың жобасы талқыланды

None
None
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Елбасының қарауына ұсынылатын «2011 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндаманың жобасын талқылауға арналған ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға халықаралық және ұлттық сарапшылар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ атқарушы және сот, заң шығару саласындағы мамандар қатысты. Жан-жақты талқылаудың қорытындысы бойынша «2011 жылы Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы» комиссияның баяндамасын Елбасының қарауына және бекітуіне ұсыну туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, отырыста ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің азаматтардың сот шешімдерінің сапалы әрі  уақытылы орындалуына құқықтық қамтамасыз ету жөніндегін қызметі мәселесі талқыланды. Осы мәселе бойынша Әділет министрі Берік Имашев бұл салада жүргізіліп жатқан тиісті шараларға жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, жиын барысында атқарушы іс жүргізу органдарының тиімді жүйесін құру және мемлекеттік сот орындаушыларының еңбекақысын төлеуді ынталандыруға бағытталған жүйелі шараларды қабылдау қажеттігі аталды.

Айта кетейік, отырыста ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

Соңғы жаңалықтар