Мемлекет басшысының Екібастұзға жұмыс сапарына видеошолу жарияланды
2021 жылғы 5 қараша 08:19

Мемлекет басшысының Екібастұзға жұмыс сапарына видеошолу жарияланды

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапарына видеошолу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Еске салайық, 4 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына барды.

Сапар барысында моноқалаларды дамытуға қатысты кеңес өткізді. Онда Қазақстанда әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным жоқтығын, моноқалалардың халқы 2 есеге азайып кеткенін, моноқалалардағы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі өте нашар екендігін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирусқа қарсы ревакцинацияға кірісуді, инфляцияны 8,5 пайыз шегінде ұстап тұруды тапсырды. Бұдан бөлек, даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударушыларға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеуді жүктеді.

Жемқорлыққа қарсы қызметке ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлу мәселесіне сараптама жүргізуді тапсырды.

Кеңестен кейін Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінің толық мәтіні.







Jańalyqtar

MURAǴAT