Мемлекет басшысын Түркия Президенті «Кулие» резиденциясында қарсы алды
2023 жылғы 16 наурыз, 15:10

АНКАРА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.
Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP