Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қосшы ауылына барды

2019 жылғы 20 сәуір 15:00 1187
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қосшы ауылына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті сайлауалды тұғырнамасын іске асыру Жоспарын бекітті Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқушы кезіндегі суреттері жарияланды

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында инженерлік-көліктік инфрақұрылым ахуалымен танысып, жергілікті су тарату станциясын аралап көрді. Қазақстан Президентіне сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөніндегі тапсырманың орындалуы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қосшы ауылына барды 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектепке барды. Мемлекет басшысы мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу барысында сапалы білім алу үшін елде барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қосшы ауылына барды  

Қазақстан Президенті ауыл тұрғындарының саны жылдам өсіп келе жатқанын, аталған жағдай азаматтардың тұрмыс сапасына кері әсер етпеуі керек екенін айтты. Үшауысымды мектептердің мәселесін шешуге бағытталған шараларға ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қосшы ауылына барды  

- Біз бұл мәселені жақсы білеміз және Қосшы ауылында 1200 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Тиісті қаражат бөлінді. Аталған мәселе менің бақылауымда болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл елді мекеннің халқы ресми есептелген межеден көп артып кеткенін айтты.

- Статистикалық мәлімет бойынша кент 16 мың адамға есептелген. Бірақ іс жүзінде 50 мыңнан астам халық тұрады. Бұл ауданның әлеуметтік саласына үлкен салмақ түсіреді. Аталған мәселені облыс басшылығымен талқылап, жүйелі түрде шешетін боламыз, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қосшы ауылына барды 

Сапар қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкімет пен Ақмола облысының әкімдігіне кемшіліктерді қалпына келтіруге және ауылды одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. 


Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қосшы ауылына барды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT