Мемлекет басшысы «Жұлдызай» халықаралық балалар фестивалінің гала-концертіне қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұлдызай» ерекше күтімді қажет ететін балалар шығармашылығының XIV Халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

26 мамырда Қазақстанның астанасында ерекше физикалық және әлеуметтік қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жұлдызай» XIV Халықаралық балалар шығармашылығының фестивалі басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл шығармашылық байқауға қатысуға жеті мыңнан астам өтінім келіп түсті. «Бірінші жылы 76 жасөспірім қатысса, биылғы жылы 7 750 бала өз өнерін көрсетті. Осы жылы жинақталған тәжірибе мен ерекше жобаға деген қызығушылықты ескере отырып, оны халықаралық деңгейге көтердік», - дейді ұйымдастырушылар.

Конкурсқа қатысуға өтініш берген елдер қатарында Грузия, Беларусь, Түркия, Ресей және Франция бар. Айта кетейік, «Жұлдызай» фестивалін 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

null null

Соңғы жаңалықтар