Мемлекет басшысы Жолдауда саяси реформалардың жаңа пакетін таныстырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет өзінің базалық функцияларының толыққанды және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйек айындағы дәстүрлі Жолдауымда саяси реформалардың жаңа пакетін таныстырамын. Ол азаматтық қоғам және сарапшылармен кеңейтілген әрі конструктивті диалог негізінде дайындалады. Мемлекет өзінің базалық функцияларының толыққанды және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент мемлекет заңдылық пен құқықтық тәртіптің орындалуына, жекеменшікке құқықты және азаматтар құқықтары қауіпсіздігінің қорғалуына кепілдік беріп, әлеуметтік игілік пен мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті.

Өз кезегінде бизнес пен азаматтар заңнаманың және қоғамдық тәртіп нормаларының сақталуына, салықтардың әділ төленуі мен еңбек қатынастарының ашықтығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Осыған байланысты жүйелі түрлену бағдарламасын қалыптастыру маңызды.

«Үкіметке жауапты сарапшылық қоғамдастықпен әне азаматтық қоғаммен бірлесе тиісті ұсыныстардың пакетін әзірлеуді тапсырамын. Ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырыстарының бірінде қаралады», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар