Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске байқаушы болып қатысқан елдерге алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ЖЕЭК-тің жұмысына конструктивті қатысқаны үшін және Еуразиялық интеграцияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», - ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының ынтымақтастық бағытындағы елеулі рөлін айтты

Өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н. Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде жұмысын жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында өткен іс-шараға байқаушы елдер – Куба, Өзбекстанның басшыларына алғысын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар