Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелеріне қатысты ережені бекітті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы Жарлық шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қараша, № 5», - деп жазылған Жарлықта.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2022 жылғы 26 қарашадағы №5 Жарлығымен бекітілген Жоғары аудиторлық палатасы туралы Ережемен мынау сілтеме арқылы танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар