Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Литва президентін құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтап, жеделхат жолдады.

«Мемлекеттеріміз арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың одан әрі жалғасатынына, халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Литва халқына бақ-береке тілеймін», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар