+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

2020 жылғы 11 қыркүйек 15:36
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда нан бағасы облыс әкімдігінің араласуымен қайта арзандады ҚР Президенті 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сонымен қатар, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру жоспары таныстырылды.

Кездесуде тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне баса назар аударылды. Аймақта жаңадан 26,7 жұмыс орны ашылған. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар мен мемлекеттік және аймақтық әртүрлі бағдарламалар аясында 1370 жобаны іске асыруға 142 миллиард теңге бағытталды. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі 72%-дан 77,1% -ға, газбен қамту 74,2%-дан 85,9%-ға артады.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордай ауданындағы ахуал туралы да баяндалды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Биыл ауданда тұрғын үй және жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт саласында жалпы сомасы 31,7 миллиард теңгеге 336 жоба іске асырылған.

Тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қайта қалпына келтіру мәселелері қатаң бақылауда. Қайырымдылық қорларымен 311 миллион теңге жиналып, 41 тұрғын және 13 коммерциялық нысан қалпына келтірілген. Сонымен қатар қатты зардап шекпеген 103 нысанға жөндеу жұмыстары өткізілген.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, коронавирустың болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ауруханалардағы төсек-орын көлемі 2530 орынға артқан. Пандемиямен күреске 8,1 миллиард теңге бөлініп, дәрі-дәрмектердің екі айға жеткілікті қоры жасақталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT