+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Жақып Асановқа дербес сот төрелігі тетіктерін енгізудің маңызын айтты

2021 жылғы 1 маусым 19:21
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Жақып Асановқа дербес сот төрелігі тетіктерін енгізудің маңызын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады Президент Astana Group компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады Президент ТМД-ның бірлескен гуманитарлық минасыздандыру бөлімшесі туралы келісімге қол қойды

Президентке сот жүйесін реформалау барысы туралы ақпарат берілді.

Жақып Асанов Президентке «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға биыл енгізілген өзгертулердің құқықтық және әлеуметтік әсері жайында баяндады.

Жоғарғы сот төрағасы жаңа Азаматтық процессуалдық және Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстердің еліміздегі инвестициялық ахуал мен бизнестің дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, енгізілген түзетулер тұрақты әрі бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев дербес сот төрелігінің тиімді тетіктерін енгізуді, оның ішінде, шетелдік озық тәжірибелерді пайдалана отырып қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT