Мемлекет басшысы Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы археолог ғалым Виктор Зайберттің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты. В.Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті», – делінген жеделхатта.

Жылқының қазақ жерінде қолға үйретілгенін дәлелдеген ғалым Виктор Зайберт өмірден озды.



Соңғы жаңалықтар