Мемлекет басшысы: Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейін стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды межеледік. Түрлі бағыттар бойынша ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырдық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруды қолға алдық. Тұтас түркінің алтын бесігі атанған Түркістанды түлеттік. Саяси реформаларды тың қарқынмен жалғастырдық. Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Осылайша, Қазақстан тұғыры берік, мықты мемлекет болды», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар