Мемлекет басшысы: Үш облысқа газ тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына газ тарту жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түрлі өңірлер тұрғындарының таза ауызсу мен табиғи газға, көлік инфрақұрылымына түрлі деңгейде қолы жетіп отырғаны анық. Осы теңсіздікті реттеу бойынша жұмысты қарқындату қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша «Сарыарқа» газ құбыры магистралінің бірінші кезеңі аяқталып келеді. Келесі жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында, одан кейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тарату желілерінің құрылысын бастау жоспарланған. Бұл мақсатқа мемлекет 56 млрд теңге бөледі. Нәтижесінде 2 млн 700 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.


Соңғы жаңалықтар