Мемлекет басшысы ұрпағының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында кәсіпкерлікті реттейтін жаңа заң бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтатынын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігі сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл өзінің балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды екенін де айтты.

«Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңның нақты іс жүзінде пайдалануы қажет», - деді ол М»жіліс отырысында.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.

Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан.

Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді.

«Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы

керек», -деген болатын Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар