Мемлекет басшысы «Урожай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінде болды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агроөнеркәсіп кешенінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қызметі, диірмен кешенінің, элеватордың, комбикорм зауытының және нан-тоқаш өнімдерін шығару жөніндегі өндіріс нысандарының жұмысы туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президентіне агрокәсіпорнында қуаты жөнінен жылына 12000 тонна түрлі жармалар мен жылдам дайындалатын сұлы қауыздарын өндірудің жаңа технологиялық үдерісі, сондай-ақ дайын өнімнің үлгілері көрсетілді.

Мемлекет басшысы аграрилердің назарын мемлекет бөлген ауыл шаруашылығы субсидияларын тиімді пайдалану қажеттігіне аударды.


Соңғы жаңалықтар