+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестің мүшелерімен кездесті

2019 жылғы 28 тамыз 21:02
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестің мүшелерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Семейдің жаңа ықшамауданындағы құрылыс жұмысымен танысты Президент: Абай өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты

Белгілі қоғам қайраткері, публицист Сейдахмет Құттықадаммен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының өзекті аспектілері, аталған диалог алаңының еліміздің әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде қазіргі ішкі саяси ахуал және Орталық Азиядағы өңірлік үдерістер жөнінде сөз болды.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметовпен өткен кездесуде азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы азаматтық секторды нығайтудың және оның әлеуетін әртүрлі салада пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, білім және ғылым саласын жаңғырту, университеттердің жаңа рөлі мен олардың мүмкіндіктерін ұлттық экономиканы реформалау ісіне пайдалану жөнінде сөз болды.

Президент «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалимен «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында ұсынылған бастамалардың іске асырылу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, елімізде этнотуризмді кеңінен насихаттау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT