Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атап өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы өтіп, онда Мемлекет басшысы сөз сөйледі. Президент ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат.

Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы.

Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық.

Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы.

Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі.

Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы.

Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер.


Соңғы жаңалықтар