+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдағы кеңейтілген отырысында коронавируспен күрес мәселесін талқылайды

2020 жылғы 8 шілде 21:29
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Үкіметтің алдағы кеңейтілген отырысында коронавируспен күрес мәселесін талқылайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавируспен күрес бойынша қазіргі ахуал Президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің алдағы кеңейтілген отырысы барысында талқыланатын болады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Үндістан халқына көңіл айтты Президент Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды Қорғаныс министрі Президентке Қарулы күштердің құрылысы және дамуы тұжырымдамасын әзірлеу туралы баяндады

«Індет басталған сәттен-ақ Президент азаматтарға бірнеше мәрте үндеу жасады. Ол әр уақытта да ең өткір әрі өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Бүгін Президент тағы да отандастарының алдына шығуға және ұлттың рухани рухына қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Президент осы айларда, аптада, күндері туған-туыстары мен жақындарынан айырылғандарға көңіл айтып, 13 шілдені індет құрбандарын Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Әрине, бұл вирусты жеңдік дегенді білдірмейді. Президент айтқандай ол әлі де жалғасады. Бірақ, қазақстандықтар осылай өздерінің көңілдерін, бірге екендіктерін білдіре алады», - деді Президент кеңесшісі.

Оның атап өтуінше, індетке байланысты Аза тұту күнінен жария еткен Қазақстан жалғыз ел емес. Бұған дейін сәуір айының басында Қытай 3 мыңнан астам қаза табуына байланысты аза тұту күніне жария еткен болатын. Одан кейін мамыр айының басында 10 мыңнан астам азаматынан айырылған Бразилия, сол айдың соңында індет салдарынан 26 мың тұрғынын жер қойнына берген Испания мен 92 мыңға жуық азаматынан айырылып қалған АҚШ аза тұту күнін жария еткен еді.

Сонымен қатар Ерлан Қарин ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, шілде айының соңына дейін алғашқы медициналық көмек көрсететін топ саны 3,5 мың дейін жеткізіліп, коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған төсек-орын саны 70 пайызға арттырылатындығын, індет ушығып тұрған өңірлерде әскери-медициналық қызмет көмегімен 500-ден астам төсек-орын жасақталатындығын, жұмыс істеп тұрған зертханаларға қосымша 20 ПТР талдағышы сатып алынатындығын, бір тәулікте жасалатын тест саны 40 мыңға жеткізілетіндігін атап өтеді. Мұнан бөлек, Үкімет пен әкімдер шұғыл арада ауруханалар мен халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізетіндігін айтады.

«Бөлшек саудаға 800 мың орама «Парацетамол» жеткізілді. Бір аптаның ішінде тағы 900 мың орама жеткізіледі деп күтіледі. 150 мың орама антибиотик қазірдің өзінде дәріхана желілеріне жіберілді. Толықтай алғанда, Президент дәрі-дәрмек, өкпені жасанды желдету аппаратын сатып сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Толықтай алғанда, кейбір іркілістер мен кемшіліктерге қарамастан жағдай бақылауда және мемлекетте теріс сценарийді ұстап тұру үшін қажетті барлық қор бар. Коронавируспен күрес бойынша қазіргі ахуал Президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің алдағы кеңейтілген отырысы барысында талқыланатын болады», - деді Ерлан Қарин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT