Мемлекет басшысы Үкіметке аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың жаңа механизміне арналған «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық форумында Мемлекет басшысы Үкіметке аграрлық сектордағы мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдеріне өтуге арналған «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды.

Бұның ішінде Елбасы мал шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға баса назар аударуды жүктеді.

«Жолдауда айтылған өңдеу өнеркәсібін екі есеге арттыру туралы міндетті қалай орындаймыз? Тек қана өңдеу саласын дамыту арқылы осыған қол жеткізуге болады. Бүгінгі күні бизнес өкілдеріне ауылға барған маңызды. Өйткені онда нарық бар. Сондықтан да осы мәселеге баса назар аударылса игі», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент мемлекет тарапынан бөлінетін кредиттердің басым бөлігін ауыл шаруашылығына шоғырландыру керектігін айтып, осы саладағы бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие беру қажеттігін көтерді.

Соңғы жаңалықтар