+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

2020 жылғы 26 қыркүйек 11:23
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігіне қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент нормативтік актілерді шығару қызметінің сапасын арттыруды тапсырды Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады Мемлекет басшысы: соттар қоғаммен ашық диалогты жолға қоюы тиіс

Ұлттық ғылым академиясының президенті Мемлекет басшысының адами капиталды қолдауға, білім мен ғылым саласына инвестиция тартуға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға байланысты Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан Президенті отандық ірі өндірушілердің жұмыстарына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы инновацияларды енгізіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы ғылым еліміздің экономикасына қызмет етуге тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT