+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

2021 жылғы 14 қазан 19:48
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 50-ге жуық қызметкер ревакцинациялаудан өтті Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының ІІІ форумы өтуде «Ауыл – Ел бесігі»: Түркістан облысында 86 елді мекенде құрылыс жұмыстары ырғақты жүруде

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары туралы баяндалды. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыста сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция, шағын және орта бизнес салаларында өсім бар. Өңірлік жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша республикада екінші орынға шыққан.

Мемлекет басшысына облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет берілді. Жалпы коронавирус індеті басталғалы бері өңірде 14 645 адам індет жұқтырған. Бұл – облыс тұрғындарының 1,6 пайызы. Қазір аймақтағы азаматтардың 97,8 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша есеп берді. Облыс орталығының маңындағы 4 қайнар ауыз су қорын артығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Президентке қазіргі уақытта өңірдегі ағын су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын және аймақтағы өзге де қолға алынған жобаларды кезең-кезеңімен, уақтылы жүргізіп, тиянақты аяқтауды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT