+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін құттықтады

2021 жылғы 27 қыркүйек 11:04
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке жеделхат жолдады. Онда барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Түрікменстанның көшбасшысы мен түрікмен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

– Бұл тарихи дата Сіздің халқыңыздың жалпы ұлт болып ұйысқанын және жасампаздық рухының биік екенін көрсетеді. Түрікменстанның мемлекеттілігі мен орнықтылығын одан әрі нығайтуда мұның мәні зор. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында заманауи Түрікменстан бейтарап мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренадағы орнын нығайту тұрғысынан зор жетістіктерге қол жеткізді, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдар ішінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігі көп ғасырлық достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

– Осынау атаулы мереке күні Сіздің аса жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін және бауырлас Түрікменстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT