Мемлекет басшысы туралы «Президент 2.0» деректі фильмі желіде жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізіндегі «Президент 2.0» деректі фильмі желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«21 шілдеде «31 арнадан» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізінде «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетілген еді.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өзінің өмірбаянына, дипломатиялық қызметіне және жеке ұстанымдарына қатысты сұрақтарға ашық жауап берген болатын.
«31 канал» осы сұхбатты өздерінің YouTube арнасына орналастырған екен.
Көрмей қалғандар болса, Ютуб арнасынан көрулеріне болады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар