Мемлекет басшысы тұрақтандыру қорларының жұмысын сынға алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде тұрақтандыру қорларының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық өнім көлемін арттырудан бөлек бағаның күрт өсуін болдырмау үшін тұрақтандыру қорларын дұрыс пайдалану қажет.

Бүгінде олар шашыраңқы әрі жабық әрекет етіп отыр. Сыбайлас жемқорлық схемалары ұдайы әшкере болып жатыр.

Сондықтан Азық-түлік корпорациясы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы тұрақтандыру қорларының негізгі маңызға ие тауар бағасын интервенциялау мен сатып алудағы әлеуетін пайдаланып, үйлестіру жұмыстарын күшейту керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымынша, бұл бағыттағы тәсілдердің бірізділігі, мемлекеттік компаниялардың баға ауытқуын төмендетуге бағдарлануы инфляцияға қарсы нарықтық құрал қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар